RU
ТЖД алматылықтар мен қала қонақтарын дүрлікпеуге шақырды

ТЖД алматылықтар мен қала қонақтарын дүрлікпеуге шақырды

Рассказать Вконтакте

Алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарын қалалық хабарландыру жүйесінің техникалық тексерісі жайлы хабардар етті. Бесінші қыркүйек күні қала бойынша сиреналардың даусы шығатын болады деп хабарлайды Алматы ТЖД-не сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: regnum.ru

Көрнекі сурет: regnum.ru

Анықталғандай, сиреналар бесінші қыркүйек күні сағат 12:55 шамасында қосылатын болады.

Қала бойынша "Назар аударыңыздар" сигналы қосылып, электрсиреналар жұмыс істейтін болады. Радио мен телеарналарға автоматты түрде тосқауыл жасалынып тұрады.

ТЖД Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын дүрлікпеуге шақырып, төтенше жағдайларда әрекет ету ережелерін еске салды.

Егер ол кезде үйде болсаңыз радио немес теледидардан шұғыл хабарламаны тыңдап, онда айтылған мағлұматтарға сәйкес қимылдау қажет.

Ал егер далада болып қалған жағдайда дауыс зорайтқыштардан шыққан хабарламаны мұқият тыңдап, келтірілген ақпаратқа сәйкес әрекет ету керек.

Айта кетейік, тексерістің уақыты - 5 қыркүйек 12:55.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel