RU
Шымкентте үш жасар бүлдіршінді пойыз қағып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте үш жасар бүлдіршінді пойыз қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласының Сайрам шағынауданында 3 жасар бүлдіршінді пойыз қағып кетті. Сәби үлкендердің қарауынсыз қалған деп хабарлайды Otyrar.kz.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Қайғылы оқиға 3 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00 шамасында Сайрам шағынауданында орын алған.

Үлкендердің қарауынсыз қалған бала үйінен шығып, темір жол бойындағы қоршаудан асып өтіпті. Темір жолға шыққан баланы жедел пойыз қағып кеткен. Сәби алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

"Қызылсай -Шымкент стансалары аралығында 3296 шақырым 8-пикет тұсында кәмелет жасына толмаған балаға пойыз қақтығысқан деген хабарлама келіп түсті. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 344 бабының 2 бөлігімен тексеру жүргізілуде", – деп мәлімдеді Шымкент стансасы желілік полиция бөлімінің тергеушісі Ердәулет Садықов.

Аудандағы бұл темір жолдан негізінен мектеп оқушылары өтеді. Бірі ата-анасының жетегімен жүрсе, кейбірі өз беттерімен үйлеріне қайтады екен.

Кешегі оқиғадан үрейленіп қалған тұрғындар болған жайдан кейін әлі естерін жинай алмай жүргендерін айтады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel