RU
Елдос Сметов әлемдік рейтингте бір сатыға төмендеді

Елдос Сметов әлемдік рейтингте бір сатыға төмендеді

Рассказать Вконтакте

Дзюдодан Токиода өткен әлем чемпионатынан кейін халықаралық федерация әлемдік рейтингті жаңартты. Жаңа тізімде қазақстандық спортшылар бірнеше сатыға төмендеген деп хабарлайды Olympic.kz.

Ел намысын талай дода қорғап жүрген танымал дзюдошы, 60 келіде өнер көрсететін Елдос Сметов бір сатыға төмендеп, рейтингте алтыншы орынға тұрақтады.

Ал Ғұсман Қырғызбаев керісінше бір саты жоғарылап, 10-шы орынға көтерілген.

66 келідегі Ерлан Серікжанов жетінші орыннан көрінсе, Елдос Жұмақанов бір саты төмендеп, 12-ші орынға жайғасқан.

Ал 73 келідегі Жансай Смағұлов 19-шы орынға сырғыды, бұған дейін ол 17-ші орында болатын.

81 келідегі Дидар Хамза рейтингте екі саты төмендеп, 19-шы орыннан табылса, ал Руслан Мұсаев алты сатыға жоғарылап, 43-ші орынға көтерілген.

Сондай-ақ 90 келідегі Ислам Бозбаев 12-ден 13-ші орынға төмендеді. Ал 100 келіге дейінгі салмақта Айбек Серікбаев екі сатыға жоғарылап, 60-шы орынға көтерілді.

Аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев 34-шы сатыға жылжыды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel