RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 5 қыркүйек күні, оңтүстік циклонның өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады – жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл тұруы ықтимал. Тек еліміздің батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Кей өңірлерде тұман, бұршақ, екпінді жел күтіледі деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

погода

Көрнекі фото: NUR.KZ

Синоптиктер мәліметінше, Солтүстік Қазақтан облысында түнде және таңертең тұман, күндіз дауыл, 15-25 м/с екпіндегі жел күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болжанады.

Ақмола облысында жел 15-20 м/с артады, түнде және таңертең тұман, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей бөліктерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.  

Қызылорда облысында - дауыл, Павлодар облысында түнде кей жерлерінде - тұман, Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ болжанады.              

Бұдан бөлек, түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ үстінде 1-3 градус үсік жүреді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel