RU
Отандық өнер жұлдыздары министрге кеңесші болған Болмановты құттықтады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық өнер жұлдыздары министрге кеңесші болған Болмановты құттықтады

Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары жаңа қызметке тағайындалған Қыдырәлі Болмановты құттықтауға кірісті. Танымал продюсердің шығармашылықтағы әріптестері оның қуанышына ортақтасып, өздерінің ақ тілегін жаудырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандық жұлдыздар Қыдырәлі Болмановты мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі қызметіне әбден лайық екенін айтты.

Тамара Асар жұлдызды әріптесі үшін аса қуанышты екенін алғашқылардың бірі болып білдірді.

"Қыдекем! Құтты болсын қызмет! Абырой, талап, бақ қосынан шапсын! Мен сізді құрмет тұтамын" , - деп жазды ол.

Алтынай Жорабаева да бұл жаңалыққа қатысты өз пікірін жеткізді.

"Қыдырәлі Нұртайұлы! Қызметіңіз құтты, берекелі болсын! Қазақ өнеріне нағыз жанашыр жан" , - деп сипаттады Болмановты көпбалалы әнші.

Қарақат Әбілдинаның жан құрбысы Мадина Сәдуақасова да бұл күтпеген жаңалыққа қуанған.

"Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованың кеңесшісі болып Нұртайұлы Қыдырәлі Болманов тағайындалды! Шын жүректен құттықтаймын" , - деп қысқа қайырды өнер иесі.

Жанболат Ербатыров болса бірден Қыдырәлі Болманов пен Мейрамбек Бесбаевты да жаңа қызметтерімен құттықтады.

"Қазақ өнеріне үлестерінізді қосып жүрген, еңбектеріңіз сінген ,қазақ өнеріне жан ашыр,қазақ халықының сүйікті ұлдарысыздар! Өкіметтің сіздерге сенім артып тағайындаған қызыметтері құтты берекелі болсын! Шын жүректен құттықтаймын" , - деп жазды әнші.

Айгүл Иманбаева да әріптестерінен қалыспай, танымал продюсерге жүрекжарды тілеген арнаған.

"Қыдеке қызмет құтты болсын! Шын жүректен қуаныштымын! Тілекшімін" , - деп жазған ол.

Оған қоса, Болмановты жаңа қызметімен құттықтағандар арасында Тұрсынбек Қабатовтың жары, Жан Мұқанов, Сәкен Майғазиев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова мен Ерғали Әбдірайымов та бар.

Сіздің реакцияңыз
26
0
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel