RU
Атамбаев қамауға алынғаннан кейін алғаш рет ел алдына шықты (видео)

Атамбаев қамауға алынғаннан кейін алғаш рет ел алдына шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев тұтқынға алынғаннан кейін алғаш рет ел алдына шықты. Саясаткер МҰҚК ғимаратының терезесінен көрініп, өз жақтастарына қол бұлғады деп жазады АКИpress басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

АКИpress

АКИpress

Төртінші қыркүйек күні ведомствоның ғимаратында Бішкек қалалық сотының коллегия отырысы болып өтті.

Онда Алмазбек Атамбаев қорғаушыларының шағымдары қарастырылды. Адвокаттар саясаткерді қамауда ұстау мерзімінің ұзартылуына қатысты арыз түсірген.

Бұл күні бұрынғы президенттің жақындары, әйелі мен ұлы және Атамбаевты қолдайтын азаматтар ғимарат алында жиналған.

Бір уақытта жиылған көпшілік МҰҚК ғимаратына қол бұлғай бастады. Кейін олар терезеден Атамбаевты көргендерін айтып, саясаткер де оларға қол бұлғағанын жеткізді.

Анықталғандай, экс-президентті қамауда ұстау мерзімі 26 қазанға дейін созылды.

Айта кетейік, Алмазбек Атамбаев сегізінші тамыз күні ұсталып, қамауға алынған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
7
1
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel