RU
Жолаушы азамат жұмысқа келмеген ұшқыштың орнына ұшақ басқарды (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жолаушы азамат жұмысқа келмеген ұшқыштың орнына ұшақ басқарды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияда еңбек демалысына шыққан жолаушы ЕasyJet әуекомпаниясының жұмысқа келмей қалған командирінің орнына штурвалды басқарған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: metro.co.uk

Фото: metro.co.uk

Манчестер — Аликанте бағытында ұшатын ұшақтың жолаушыларына рейстің белгілі бір себептермен кейінге шегерілетіні туралы хабар келген. Алайда әуе кемесінде отырған адамдардың бірі ұшқыш өзінде куәлігінің бар екенін және ұшақты басқаруға дайын екенін айтты.

Бірнеше минуттан кейін әуекомпания жолаушыға хабарласып, жоспарланған рейсті жүзеге асырады.

Кейіннен ер адамның шынымен де ұшқыш екені белгілі болды. Оқиға болған күні ол әйелі мен ұлын алып, жазғы еңбек демалысына бара жатқан еді.

Әуекомпаниясының өкілдері еріктіге алығысын білдірді. Олардың сөзінше, компания тек егжей-тегжейлі тексерістен кейін ғана жолаушыға ұшақты басқаруға рұқсат беріпті.

"Бұл толығымен ережеге сай. Себебі жолаушының қолында лицензиясы мен куәлігі болған. Біз әрдайым қауіпсіздікті жоғары қоямыз", - делінген EasyJet әуекомпаниясының баспасөз қызметінде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel