Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баланың елесі": Бөлмеде жүгіріп жүрген көлеңке желідегілерді шошытты

Опубликовано:

YouTube желісінде үйдің ішінде жүгіріп жүрген елестің видеосы пайда болды. Желі қолданушылары оны мысықпен ойнап жүрген кішкентай ұлдың елесі деп танып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Джо Нолан есімді азамат желіге көпшіліктің үрейін қашырған виtдоны жүктеді. Онда ас бөлмесінен қонақ бөлмесіне жүрігіп жүрген елес бейнеленген.

"2019 жылдың 8 тамыз күні үйдегі бейнебақылау камерасы ас бөлме жақта серуендеп жүрген қызық нысананы түсіріп алды. Біреулер оны жүгіріп жүрген балаға ұқсатты. Сіздер не дейсіздер?", - деп жазды ол видео астында.

Желі қолданушыларының бірі елесті ойнап жүгіріп жүрген ұлдың елесіне балады. Басқалары көлеңкені қарапайым желге ұқсатты.

"Елеске мысықтың ешқалай әрекет етпей жатқаны қызық екен", "Видео ешқандай өңдеуден өтпеген. Бірақ мен осыған ұқаса дүниені көргенмін. Камераның алдында өрмекші жүрген кезде осындай елес секілді әсер қалдырады", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1814632-balany-elesi-blmede-zgirip-zrgen-kleke-zelidegilerdi-sosytty/

pixel