RU
"Астың орнына басы": Ғазизхан Шекербеков адам шошырлық жарнама жасады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Астың орнына басы": Ғазизхан Шекербеков адам шошырлық жарнама жасады

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Ғазизхан Шекербеков жақында болатын концертіне адам шошырлық жарнама жасап, елді дүрліктіріп қойды. Аталмыш видеода өнер иесі астың орнына мейрамхана қонақтарына өз басын ұсынған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбада көпшілікті өзінің жеке концертіне шақырған.

Алайда, Шекербеков ән кешіне жасаған жарнамасын тым әсірелеп жіберген көрінеді.

Видеода кафе меймандарына тамақ орнына Ғазизханның басы әкелінген сәт елдің қызу талқысына түскен.

"Не деген креатив?! Бірақ, несіне таңғаламын, мұндай дүние жасамаса Ғазизхан Шекербеков болады ма" , "Не деген ерекше шақырту бұл?" , "Қатырасыз", "Сәттілік сізге, жақсы өтеді деген ойдамыз" , "Жарнаманы өлтіріпсің" , "Астың орнына басын ұсыныпты ғой " , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
14
4
3
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel