Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде өз күйеуіне екінші жар іздеген елордалық әйел сынға қалды

Опубликовано:

Өзінің үнемі жолы болмайтындығынан жұбайына әлеуметтік желіде лайықты жар іздеп, оны бақытты еткісі келетін астаналық келіншек ағынан жарылды деп хабарлайды devushki_nursultana парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Елордалық әйелдің сөзінше, оның үнемі жолы болмай, жұбайымен қарым-қатынасы бұзыла бастапты.

"Күйеуіме жар іздеймін. Оның бақытты болғанын қалаймын. Бар мәселе менде. Үнемі жолым болмайтын адаммын.

Оның басқа жанмен бақытты болып кете алатынын сеземін. Бірақ ол ештеңе де естігісі келмейді. Оған ғашықтық сезімімен тұрмысқа шықтым.

Балаларымыз да бар. Сол себепті ол менен кеткісі келмейді. Өзіне сенімді, жалғызбасты әйелдер бар болса, жазыңыздар. Күйеуім сымбатты", - деп жазды келіншек.

Желі қолданушылары тығырыққа тірелген әйелге психологтың көмегі керек екенін айтып, жазба астында түрлі пікірлер қалдырды.

"Сізге екінші әйел емес, психолог керек", "Ең алдымен өзіңізді сүйіп үйреніңіз, дамыңыз", "Сізді мұндай күйге күйеуіңіз жеткізді ғой", "Одан да күйеуіңізді ауыстырсаңыз абзал болар", "Күйеуіңіз сіздің деңгейіңізді түсіріп, әбден миыңызды улапты", "Өзіңмен жұмыс жаса", "Кейін "күйеуім басқаның артынан кетті, балам әкесіз қалды" деп шығасыңдар ғой", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814642-zelide-z-kjeuine-ekinsi-zar-izdegen-kelinsek-synga-kaldy/

pixel