RU

Алпамыс Шәрімов ұлының бесік тойын дүркіреп атап өтті (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайбергеннің бұрынғы продюсері Алпамыс Шәрімов ұлының бесік тойын дүркіреп атап өтті. Шоу-бизнес өкілі мерекелік кештің суреттерімен желіде бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алпамыс Шәрімов ұлы Алдиярдың бесік тойына кілең ет-жақындарын, туыстары мен достарын ғана шақырған.

Отандық продюсер отбасылық қуанышының қалай тойланғанын айтып қана қоймай, барша желі оқырмнадарына көрсетті.

Ол Instagram парақшасына думанды тойдың видеоларын жариялап, көпшілікті тәнті етті.

Бейнежазбадан аталмыш кеште ерлі-зайыптылардың достары аса белсенді әрі көңілді жүргенін аңғаруға болады.

Видеодан бесік тойға шақырылған қонақтар арасында Ләйлә Сұлтанқызы, Құрмаш Махан, Заттыбек Көпбосынұлы сынды өнер иелерін байқауға болады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алпамыс Шәрімов ұлының бесік тойын дүркіреп атап өтті (фото, видео)
Mailfire view pixel