RU
АҚШ жағалауындағы "Дориан" дауылы үшінші деңгейге дейін күшейді

АҚШ жағалауындағы "Дориан" дауылы үшінші деңгейге дейін күшейді

Рассказать Вконтакте

Атлант мұхитында пайда болған "Дориан" дауылы Саффир-Симпсон шкаласы бойынша бес деңгейдің үшіншісіне дейін күшейіп, АҚШ жағалауына жақындап келеді. Бұл туралы АҚШ-тың дауылдарды бақылау ұлттық орталығы мәлім етті деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі суртет: pixabay.com

Көрнекі суртет: pixabay.com

Орталықтың жариялаған деректеріне сәйкес, желдің максималды екпіні секундына 51 метрден асып түседі. Болжам бойынша желдің екпіні 12 сағаттан кейін басылуы ықтимал.

Дауыл шамамен Оңтүстік Каролина штаты Чарлстон қаласының оңтүстігінен 170 шақырым жерде. Ол секундына 3 метр жылдамдықпен солтүстік бағытта жылып келеді.

Ары қарай дауылдың Солтүстік Каролина аумағына қарай жақындауы күтіледі.

Орталықтың болжауынша, алдағы бірнеше күнде Джорджия, Оңтүстік және Солтүстік Каролина штаттарының жағажай аудандарында су тасып, боран болуы ықтимал.

Қазіргі уақытта АҚШ-тың Атлант мұхиты жағалауында тұратын 2 млн-ға жуық адамға "Дориан" дауылының жақындауына байланысты қауіпсіз аймаққа көшу қажеттілігі туралы хабарланды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel