Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанды таны" халықаралық тревел-блогерлер форумы елімізге не береді?

Опубликовано:

24-25 тамызда елордада "Қазақстанды таны" тревел-блогерлердің халықаралық форумы өтеді. Іс-шара бүкіл әлемнің атақты қонақтарын жинайды, олар өз тәжірибесімен және блогингтегі инсайттармен бөліседі. «Форум қандай мемлекеттік маңызы бар міндеттерді шешуге көмектесетіні, алаң қандай аудиторияға есептелген және ол бөлінген ақшаға лайық па?», - осы жайында ҚР АҚДМ жастар және отбасы істері жөніндегі комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтып берді.

"Қазақстанды таны" халықаралық тревел-блогерлер форумы елімізге не береді?

- Неге мемлекет блогинг сияқты бағытқа назар аударды және Қазақстанда танымал қазақстандық және шетелдік блогерлердің қатысуымен ауқымды кездесу ұйымдастыруды шешті?

- Биылғы жыл Қазақстанда Жастар жылы болып жарияланды. Осыған байланысты, жастар саясатын іске асыру мәселелерін барлық бағыттарда жаңа деңгейге шығару шешілді. Жастарды тұрғын үймен, жұмыспен қамту, біліммен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік үшін жағдай жасау мәселелеріне баса назар аударылды. Сонымен қатар, азаматтық белсенділікке және жұмыстың жаңа бағыттарын дамытуға да. Бүгінде жастар өміріндегі қуатты трендтердің бірі - әлеуметтік желілер, жаңа медиа болып табылады. Біз олардың ойын-сауық құралдарынан оң құндылықтарды жылжыту құралдарына айналғанын қалаймыз.

- Мысалы, Қазақстандағы туризм ба?

- Соның ішінде туризмді де дамыту. Әлемнің 13 елінен шақырылған блогерлердің көмегімен біз Қазақстанды – оның сұлулығын, табиғи байлықтарын, ерекшеліктерін миллиондаған аудиторияға ашамыз. Қазақстанда туризмді насихаттау қазақстандық жастардың да қолынан келеді. Әлеуметтік желілердң көмегімен, олар сапалы білім беру, оқыту контентін жылжыта алады.

Бірақ, іс-шара ең алдымен жастарды маркетинг негіздеріне, PR, интернетте өз жобаларын жасауға үйретуге бағытталғанын атап өткім келеді. Біз өз саласында табысты спикерлерді арнайы шақырдық, олар түрлі әлеуметтік желілердегі блогингтің әртүрлі бағыттарына және жаңа медиа саласындағы бизнес-үдерістерді біріктіруге үйрете алады.

Олардың ішінде Нұртас Адамбай, Әлішер Елікбаев, Динара Сәтжан және басқа да танымал отандық медиатұлғалар бар. Тревел-блогинг - перспективалы және танымал бағыттардың бірі, және форум аясында отандық блогерлер шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасып, өздеріне көптеген жаңалықтарды біліп, кейбір фишкаларға үйрене алады. Біз жастардың әлемдік процестерге тартылып, өз кәсібилігін арттырғанын қалаймыз.

- Шетелдік блогерлерді шақыру – қымбатқа соғады. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың арасында бұл скепсис тудырып, олар сол бағаға лайық па деген сұрақтар туындады ма?

- Өкінішке орай, мұндай жағдайға тап болуға тура келеді. Мысалы, біздің клубтарда ойнайтын легионерлерге немесе біздің жоғары оқу орындарында сабақ беретін шетел оқытушыларына қатысты болған кезде. Олар негізсіз қымбат бағаланады деген пікір бар. Бірақ шетелдік мамандарды тарту ең алдымен жергілікті кадрлардың ой-өрісін кеңейтуге және біліктілігін арттыруға көмектеседі.

Өйткені, әлемдік қауымдастықта бізге үйренуге қажет үздік тәжірибелер бар. Әлеуметтік желілермен жұмыс істеуде де осы тәсілді қолдану қажет, біз тек өзара қызмет етпеуіміз керек. Біз бүгін салған нәрсенің барлығы ертең мультипликативтік әсер етеді және соның салдарынан біздің еліміздің дамуына әсер етуі мүмкін.

Форумға шақырылған шетелдік блогерлердің аудиториясы кейбір телеарналардың аудиториясынан әлдеқайда көп. Біз оларды жер бетіндегі әдемі орындардың бірі ретінде әлемге біздің елімізді көрсету үшін пайдаланамыз.

Мысалы, "Следуй за мной" жобасының авторы Мурад Османның бүкіл әлем бойынша 4 миллионнан астам жазылушысы бар. Ал британдық тревел-блогер Луис Коулдың 3 миллионнан астам жазылушысы бар.

- Дегенмен, Қазақстанда туризм жетілдірілмеген.

- Иә, бірақ әлемдегі бірде-бір ел өзінің мінсіздігімен мақтана алмайды. Бұл ретте әрбір ел өзінше бірегей. Біздің орасан зор аумақтарымызда инфрақұрылым толыққанды жетілдірілмегенін ескерсек, шағын Еуропамен салыстырғанда, бізге қиынырақ.

Дегенмен, Қазақстанда туризмді дамыту үшін әлеует бар және ол өте жоғары. Бүгінде елімізде сапалы туристік өнім құру үшін көп жұмыстар атқарылуда және біз қиындықтарға қарамастан, Қазақстанды ілгерілетуіміз керек.

- Форум қазақ тілді аудиторияны қамтиды ма? Өйткені бүгінгі күні әлеуметтік желілерді қазақ тілді пайдаланушылар басым және олар жаңа білімді қалайды.

- Біз аудиторияны қазақ тілді немесе орыс тілді деп бөлмейміз, біз барлығын қатысуға шақырамыз. Форум барысында қазақ және орыс тілдерінде панельдік сессиялар өтеді. Мысалы, қазақ тілінде спикерлер краудфандингті тарту үшін стартап-промоутинг және әлеуметтік медианы пайдалану бойынша инсайттармен бөліседі және әлеуметтік желілердегі маркетинг туралы әңгімелейді. Бұл - Ләйлә Сұлтанқызы, Абдолла Шәкәрім және басқалар.

Қонақтар ағылшын тілінде де сөз сөйлейді, қатысушылар үшін орыс және қазақ тілдеріне ілеспе аударма ұйымдастырылады. Түсінесіз бе, бұл жерде спикерлер қандай тілде сөйлейтіні маңызды емес, тек олардың сөйлеу мазмұны, олардың бөлісуге дайын білімі маңызды.

- "Қазақстанды таны" форумында шешілуге тиіс 3 басты міндет?

- Біріншісі – әлеуметтік желілерге жаңа көзқарасты қалыптастыру, екіншісі – Қазақстанды танымал ету, үшіншісі - қазақстандық жастарға өз білімдерін шыңдауға, жаңа тәжірибе алуға мүмкіндік беру.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814651-kazakstandy-tany-halykaralyk-trevel-blogerler-forumy-elimizge-ne-beredi/

pixel