RU

Қазақстандық ару шетелдің "Жыл әйелі" жүлдесіне үміткер атанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Біріккен Араб Әмірліктерінде фото және видео түсірілімдерімен айналысатын қазақстандық Жұлдыз Бекова "Woman of the 2019 year" байқауының "Өнер және мәдениет" бөлімінде финалға шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандамыздан бөлек аталған жүлдеге Араб Әмірліктерінде шығармашылықпен айналысатын тағы 4 қатысушы таласады.

"Осы өңірдің ерекше талантты әйелдерімен бірге жүлдеге үміткер атандым", – деп Instagrаm парақшасына жазған Жұлдыз өзіне дауыс беруді сұрайды.

Жерлесімізді қолдау үшін "Woman of the year " байқауының ресми сайтына өтіп, "Өнер және мәдениет" бөлімінде Jullz Bek профилін таңдап, жеке басыңызға қатысты қысқаша ақпататты толтырып дауыс беру қажет.

Креативті және талантты қыздың профилінен алынған фотоларды қарап шығуларыңызға болады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық ару шетелдің "Жыл әйелі" жүлдесіне үміткер атанды
Mailfire view pixel