RU
Ноғаев жұмыс сапарымен Атырауға келген Тоқаевты күтіп алды

Ноғаев жұмыс сапарымен Атырауға келген Тоқаевты күтіп алды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/Берік Уәли

Фото: Facebook/Берік Уәли

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысы облыстың мұнай сервистік кәсіпорындарының біріне барып, Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізеді.
Сапар бағдарламасына сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысуы жоспарланған", - деді ол.

Сонымен бірге, Берік Уәли жариялаған фотодан Атырау облысының басшысы Нұрлан Ноғаевтың ұшақтан түскен Қасым-Жомарт Тоқаевты күтіп алып, қолынан қысып, амандасып жатқанын көруге болады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel