RU
Меруерт Түсіпбаева сүйіктісін ұлымен қалай таныстырғанын айтты

Меруерт Түсіпбаева сүйіктісін ұлымен қалай таныстырғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Меруерт Түсіпбаева туған күнінде өзіне ұсыныс жасаған ғашығын ұлымен таныстырды. Эстрада жұлдызы жүрегіне жақын екі адамның өзара қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әнші 17 жастағы ұлы мен cүйіктісін таныстырар алдында қатты алаңдағанын жасырмады.

Түсіпбаеваны "екеуі тіл табыса алмай қала ма" деген ойлар мазалаған. Алайда, іс жүзінде бәрі керісінше болыпты.

"Иә, баламмен таныстырдым. Мен 17 жыл өзім жалғыз өмір сүргенмін. Сол себепті, балам ешқашан менің жанымда еркек көрмеген. Енді, шын айтсам, осы кісімен ғана таныстырдым. Балам екеуі тіл табысып кетті. Ол кісі өте жұмсақ адам. Түсіністі бір-бірімен. Сол жағы мені қатты қуантты ", - деп ағынан жарылды Меруерт Түсіпбаева.

Сіздің реакцияңыз
8
3
2
0
4
24
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel