RU
Жұбайыңызға деген құштарлықты қалай сақтап қалуға болады

Жұбайыңызға деген құштарлықты қалай сақтап қалуға болады

Рассказать Вконтакте

Махаббат үш жыл өмір сүрмейді. Ол ғашықтардың бір-біріне деген кіршіксіз сезімдерін сақтап тұрғанға дейін өшпейді. Егер адамдар бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасын тұрақты етуге тырысса, 30-40 жылдан кейін де неке берік бола алады деп хабарлайды womanhit.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Егер махаббатыңыз мәңгілік, некеңіз берік болсын десеңіз, мынадай қарапайым қағидаларды ұстаныңыз.

Ең жақын досы болыңыз

Адамда махаббат пен құштарлыққа толы құмарлық сезімі болғаны жақсы. Алайда сіздің өміріңізде төсек қатынасынан бөлек ашық әңгіме-дүкен құрып, сырласа алатын уақыт болғаны абзал. Достық - некені берік ете түседі. Сіз екінші жартыңызбен неғұрлым сырлас болсаңыз, соғұрлым бір-бірлеріңізге жақын бола түсесіздер.

Сырт келбетіңізге мән беріңіз

Физикалық тартымдылық — адамдардың бір-біріне деген құштарлығын тұрақты ете алатын нәрсе. Мінсіз мүсін мен теріні сақтаңыз. Кәрілік барлығының басына келеді. Дегенмен оны дұрыс күтімнің арқасында 10-15 жылға шегере тұруға болады. Жаттығу залына барып, таза ауада жүгіріңіз.

Жұбайыңыздың бойынан мақтауға тұрарлық дүниелерді іздеңіз

Екінші жартыңыз сіздің көңіліңізден шығу үшін сыйлықтар жасап, жағымды сөздер айтса, алғыс білдіруді ұмытпаңыз. Жарыңыздың жақсы тұстарын айтып, оны мақтан тұтып отырсаңыз, өзіңіздің де беделіңіздің артары сөзсіз.

Еш себепсіз жақсылық жасаңыз

Сүйіктіңізге сыйлықтар жасап, үй шаруасына көмектесуден қашпаңыз. Оның бір жағына шығысып, романтикалық кешке уақыт табыңыз. Жұбайыңызды бақытқа бөлесеңіз, өзіңіз де бақытты боласыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel