RU
Чернобыль аймағына келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар Қоғам

Чернобыль аймағына келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Рассказать Вконтакте

2019 жылдың алғашқы сегіз айында Чернобыль аймағына келушілер саны рекордтық көрсеткішке жеткен деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Чернобыль аймағы. Фото: РИА Новости/Стрингер

Чернобыль аймағы. Фото: РИА Новости/Стрингер

Аталған кезеңде қорыққа 74 671 адам келген, оның ішінде тамыз айында 14 416 келуші тіркелген. Чернобыль аймағына туристердің басым бөлігі Украинадан, сондай-ақ Ұлыбритания мен Польшадан келуде.

Қорықтың әкімшілігі туристер легінің өсуін HBO компаниясы түсірген "Чернобыль" телехикаясының шығуымен байланыстырады.

Сондай-ақ украиналық туристік агенттіктердің жаңа бағдарлар салуы мен қорық аумағына кіру рәсімінің жеңілдетілуі туристердің ағылуына ықпал еткен.

"Алайда, бұл ойын-сауық саябағы емес екенін есте сақтау керек. Бұл – ерекше қауіпсіздік ережелерін сақтауды қажет ететін аумақ", – деп ескертті қорық директорының көмекшісі Кирилл Гарник.

Айта кетейік, 10 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленский Чернобыль аймағында болу тәртібін өзгертетін жарлыққа қол қойды.

Онда аймақты туристер үшін ашық қылып, түсірілім жүргізуге рұқсат беру қарастырылған.

Сондай-ақ аталған аймақта экономикалық жобаларды дамыту жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel