RU
"АрселорМиттал Теміртаудағы" апаттан төрт адам зардап шекті
Жаңалықтар Қоғам

"АрселорМиттал Теміртаудағы" апаттан төрт адам зардап шекті

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының металлургиялық комбинатында өндірістік апат болды. Оқиғадан төрт адам жапа шекті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Өңірдегі Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ауруханаға төрт жұмысшы жеткізілген.

"1970, 1972, 1988 жылы туған үш ер адам күйік шалса, 1991 жылы туған төртінші адам жараланған. Көмек көрсетілген соң бірден екеуін амбулаториялық ем қабылдауға жіберген. Күйік шалған екеуі травмотология және ортопедия орталығына жеткізілді", - деп хабардар етті басқарманың баспасөз қызметі.

Еңбек инспекциясы бөлімінің комиссиясы оқиға орнына аттанған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel