RU
Нұр-Сұлтанда белгісіз ер адам қызға шабуылдаған
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтанда белгісіз ер адам қызға шабуылдаған

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында мектептің маңайында белгісіз ер адам жеткіншек қызға шабуыл жасаған. Абырой болғанда білім алу мекемесінің қызметкері жағдайды көріп қалып, күдіктіні ұстап алған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Елорда тұрғынының айтуынша, оқиға 5 қыркүйек күні сағат 10:00 шамасында болған.

"Сағат 10:30-да баламды мектепке алып бардым. Оқу орнының жанында бір топ полицей 15-16 жас шамасындағы қыздан жауап алып жатыр екен. Қыздың аузы қанап кетіпті. Сол жердегі ата-аналардан не болды деп сұрап едім, педофил ұсталғанын айтты", - деді ол.

Қалалық білім басқармасы оқиғаны растады. Қазіргі уақытта күдікті қолға түскен.

"Оқиға мектептің аумағында болмаған. Ер адам шабуыл жасаған қыз бұл мектепте оқымайды. Бұл мектепке оны құрбысы алып келген. Қызға шабуыл жасады деп күдікке ілінген ер адамды сол білім ордасының шаруашылығына жауап беретін маман көріп қалып, оны ұстап алған.
Кейін полицияны шақыртқан. Күдікті ұсталды. Оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшылары анықтап жатыр", - деді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Елорда полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын, тиісті ақпарат алдағы уақытта жарияланатынын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
2
0
4
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel