RU
Бір бүйрегін бейтаныс қызға берген оралдық жігіт жұмыссыз жүр
Жаңалықтар Қоғам

Бір бүйрегін бейтаныс қызға берген оралдық жігіт жұмыссыз жүр

Рассказать Вконтакте

Бірнеше жыл бұрын бейтаныс қызға бір бүйрегін берген оралдық Абзал Әділов қалалық кәсіпкерлерден жұмысқа орналасу үшін көмек сұрауда деп жазады Мой город порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

27 жастағы жігіт осы жылы шілде айында қаланың бұрынғы әкімі Мұрат Мұқаевтың қабылдауында болғанын атап өтті.

Сол уақытта жұмыс іздеп жүрген Абзалға қала басшысы көмектесетінін жеткізіпті.

Алайда ер азамат әкім уәдесін күтпестен күзетші болып жұмысқа кіріп кеткенін жасырмады.

Ол асығуының себебін ипотекасының қарызын жабумен байланыстырды.

Оралдық жігіт жұмысындағы кассада үлкен көлемдегі ақша кем шығып, қарыздың бәрін күзетшілердің мойнына ілмек болғанын да алға тартты.

Оның айтуынша, сол себепті жұмыстан шығып кеткен.

Әділов екінші жағынан супермаркеттегі айлығы да аз болғанын растады.

Ол 70 мың жалақының 43 500 теңгесін ипотекаға жабу үшін жұмсағанын, қалған ақша азық-түлік, коммуналдық қызметтерді төлеуге кеткенін айтады.

Ал жұбайының балабақшада жұмыс істегенін, қазіргі уақытта бала күтіміне байланысты демалыста отырғанын жеткізді.

Әділов тиісті мекемеден өзіне мүгедек қағазын беруді сұрағанын да жасырмады.

"Дәрігерлер бір бүйрекпен жүргендерге мүгедек қағазы берілмейтінін айтты. Екінші бүйрегім істемей қалғанда ғана мүгедектік алуға жүгіне алады екенмін", - дейді ол

Енді Абзал Әділов жігіт карталарының барлығы бұғатталғанын, күн санап несиесі өсіп жатқанын айтып, жергілікті кәсіпкерлерден жұмыс сұрап отыр.

"Үйде әйелім мен балам бар. Ауыр жұмыс істеуге мүмкіндігім жоқ. Алайда жұмыссыз қол қусырып отыра алмаймын", - дейді оралды азамат. 

Еске сала кестек, шымкенттік қызға бүйрегін берген оралдық жігіт Абзал Әділов өткен жылы оңтүстіктің қызына үйленген болатын.

Алайда кейін қайырымды жанның жұмыссыз жүргені белгілі болды.

Кейірінек Абзалдың күзетші болып жұмысқа тұрғаны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel