RU
"Өздері мәз": Көбейту кестесін білмеген әншілер желіде қызу талқыға түсті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Өздері мәз": Көбейту кестесін білмеген әншілер желіде қызу талқыға түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде мектеп бағдарламасының сұрақтарына жауап берген өнер жұлдыздарының видеосы пайда болды. Олардың қатарында қарапайым cауалға ойланғаны да, көбейту кестесін білмей қалғаны да бар деп хабарлайды "Таңғы хабар" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Таңғы хабар

Фото: Видеодан кадр/ Таңғы хабар

Сауалнамаға Индира Расылхан, Дана Кентай, Ақбота Керімбекова мен Меруерт Түсіпбаева қатысқан.

Сұрақтарға жауап берместен бұрын әбден ойланған Индира Расылхан мен Дана Кентай көбейту кестесіне келгенде тығырыққа тірелген.

"Жеті жердегі жеті. Осы мүлде қызық болды. 41 ғой деймін, менің ойымша", - деп күлді Индира Расылхан.

Мектепте берілетін бұл математикалық сауалға Түсіпбаева мен Керімбекова, сондай-ақ Дана Кентай дұрыс жауап берді. Алайда, Дана сегіз бен тоғыздың көбейтіндісін білмей әлек болды.

"Математикадан жоқпын мен, бірден айтайын", - деді Дана Кентай.

Сахна төрінде халыққа еркелеп жүрген әншілер облыстар мен сенат депутаттарының санынан да шатасып, әуреге түсті.

"Мен негізі осыны оқыдым", - деп түсіндірді Дана Кентай.

Ал отандық жұлдыздардың жауаптарына қанағаттанбаған көпшілік оларды сынға алды.

"Ұят, көбейту кестесін білмеу...", "Білім жоқ", "Заман-ай", "Өздері мәз", деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз
27
1
2
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel