RU
Тоқаев мұнай-газ саласында жоғары және негізгі лауазымдарға қазақстандықтарды тартуды ұсынды

Тоқаев мұнай-газ саласында жоғары және негізгі лауазымдарға қазақстандықтарды тартуды ұсынды

Рассказать Вконтакте

Атырауда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жиын барысында президент қазақстандық мамандардың жұмысқа тұру мәселесін көтерді.

"Мұнай-газ жобаларын іске асыруға отандық кадрларды тарту өте маңызды. Әсіресе, жоғары және негізгі лауазымдарға! Үкімет жер қойнауын пайдаланушылармен бірге сапалы кадр дайындауды қамтамасыз етуі керек", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы отын-энергетика саласын дамыту қоршаған ортаға зиян тигізбестен жүргізілуі керектігін, таза қоршаған орта - бұл қазақстандықтардың әл-ауқатының және ұлт денсаулығының маңызды шарты екенін айтты.

Президент сонымен бірге табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулердің маңыздылығы туралы айтты.

"Табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруда инновациялық технологияларды енгізу маңызды рөл атқарады. Біз заңды түрде жер қойнауын пайдаланушыларға табыстың 1% -ын зерттеу мен өңдеуге бағыттауға міндеттедік.
Бұл құралдарды қолданудың нақты және мөлдір механизмдерін жасау қажет. Ол үшін тиісті институционалдық инфрақұрылымды анықтау керек. Мұнда инновацияны және жаңа технологияларды, ғылыми зерттеулерді ынталандыру үшін үлкен резервтер бар", - деп есептейді президент.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel