RU
Тоқаев: Зауыттарда мұнай көлемінің азаю қаупі бар
Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев: Зауыттарда мұнай көлемінің азаю қаупі бар

Рассказать Вконтакте

Атырау облысындағы мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі кеңес барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін шаралар қабылдауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Ішкі нарықты мұнаймен қамтамасыз ету, негізінен, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кен орындары есебінен жүзеге асырылып отыр. Мұнай өңдеу зауыттарындағы мұнай көлемінің азаю қаупі бар. Ресурсты тиімді пайдалану үшін үкімет нақты ұсыныстар енгізуі қажет", - деді мемлекет басшысы.

Президент сонымен қатар отандық компаниялардың еншісіне геофизикалық және геологиялық жұмыстардың бестен бір бөлігі енетініне назар аударды.

Тоқаев үкіметке әлемдегі минералды ресурстарға сұраныстың ұзақ мерзімді болжамын ескере отырып, геологиялық барлау бағдарламасын 2020 жылдың 1 наурызына дейін әзірлеуді тапсырды.

"Мұнай мен газ өндірісін ұлғайту арқылы біз қазіргі заманғы мұнай-газ кластерін құруға тиіспіз. Мұнай сервисінің дамуы - отанды ШОБ дамуына, білікті және өнімді жұмыс орындарын құруға, қосылған құны жоғары өндірістерді оқшаулауға серпін береді", - деді президент.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel