Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас: Алматы маған үлкен сабақ берді

Опубликовано:

Әр билетінен түскен қаражаты Арыстағы балалар үйін қалпына келтіруге жұмсалатын "Алматы – іңкәрім менің" ретро-фестивалі 7-ші қыркүйекте сағат 19:00-де Оңтүстік астананың орталық саябағында шымылдығын түргелі отыр.

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас: Facebook

Өнер көрсететін отандық жұлдыздардың ішінде әнімен әр шараны мерекеге айналдыра білетін Қайрат Нұртас "Алматы – іңкәрім менің" сағыныш фестиваліне мұқият дайындалып жүр.

"Алматы – іңкәрім менің" деп тегін атамаған болар. Бұл Алматы қаласына деген іңкәр көңілі бар, шаттық нұрын сепкен, бақыт гүлін еккен дегендей, еліміздің ең үздіктерін Алатаудың бөктеріне жинаған, қайталанбас  керемет фестивальге іңкәр көңілім шексіз", - дейді Қайрат Нұртас.

"Алматының өз өмірімде алар орны өте ерекше. Алматы қаласы маған талмас қанат пен таусылмас шабыт берді. Алматы мені сынбас төзімділікке үйретті", - дейді ол.  

"Алматы маған сабақ та берді. Қандай? Қазағымның талғамы мен сұранысы өте жоғары деңгейде болғанын ұқтырып, әр-түрлі бағыттағы жолды бір  жол торабында ұстауды үйретті", - деп ағынан жарылды әнші.

"Алматы мен үшін Швейцарияның таулары мен Париждің романтикасы, Лондонның жауыны, Нью-Йорктің менталитеті, Мәскеудің кептелісі, Дубайдың қызығы, қысқаша айтқанда, барлық дүниежүзілік керемет қалалардың ерекшелігімен ұштасқан қала", - деген Қайрат ән мерекесін тамашалауға шақырды. 

Айта кетсек, "Алматы – іңкәрім менің" ретро-фестивалінен түскен қаржы Арыс қаласында болған жойқын жарылыстан жарамсыз болып қалған Балалар үйін қалпына келтіруге жұмсалады. Рестро-фестивальдің әр билетінен түскен ақша балалар үйінің бар қажеттігіне арналып отыр.

Арыстағы балалар үйіндегі зәру жандар мұқтаждық көрмесін десеңіз, сіз де үлесіңізді қосуға асығыңыз. Тек "Алматы- іңкәрім менің" ретро-фестиваліне билет салып алсаңыз жеткілікті. Ертерек қамданып, амфитеатрдың ең жайлы орындарын сатып алуға үлгеріңіз. Орын схемасы және билеттерін мына жерден қарай аласыз ticketon.kz.

Ұйымдастырушылар: "Дегдар" қайырымдылық қоры, Алматы қаласының әкімдігі. Қайырымды жандардың ән мерекесінде кездескенше!

«Алматы – іңкәрім менің» ретро-фестивалі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1814739-kajrat-nrtas-almaty-magan-lken-sabak-berdi/

pixel