RU
Журналист Мадина Нұрбекова көз жұмды

Журналист Мадина Нұрбекова көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда жас журналист Мадина Нұрбекова қайтыс болды. Оның өліміне қатерлі ісік себеп болған деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мадина Нұрбекогва. Фото: instagram.com

Мадина Нұрбекогва. Фото: instagram.com

29 жастағы Мадина Нұрбекова бірнеше жыл қатарынан ауыр дертпен күрескен.

Журналистің құрбысы Санияның айтуынша, бәрі 2014 жылы басталған. Мадинаны басындағы ауырсынулар мазалай бастаған.

"Бір кездері ол төсегінен тұра алмай қалды. Неврапотологқа барды. Ми ісігі болып шықты. Мадинаға шұғыл ота жасалды", - дейді Сания.

Осы уақыт ішінде журналист арудың жанында Қайрат есімді сүйгені мен туыстары, достары болған.

Уақыт өте келе ісік жоғала бастаған соң, туыстары оны арудан айықты деп үміттенген. Мадина да өте бақытты болыпты. Сөйтіп 2016 жылы тұрмысқа шығады. Дәрігелердің қарсы болуына қарамастан сәбилі болады.

Бір жыл бұрын Мадина қайтадан ауыра бастаған. Ең жаман қорқыныш расталып, дерті қайталанған.

Журналист бар күшін жинап, өз өмірі үшін күрескен.

"Кеше маған әліге дейін сену мүмкін емес жаңалық туралы хабарлады. Мадина көз жұмды", - дейді құрбысы.

Today.kz сайтының жазуынша, Мадина Нұрбекова ақпараттық порталдардың бірінде тілші болып жұмыс істеген.

Ол сәулелі терапияның 24 курсынан, бес химиятерапиядан және операциядан кейінгі ауыр қалпына келтіруден өткен.

Мадина Нұрбекованы жерлеу рәсімі ертең, алтыншы қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

KAZ.NUR.KZ редакциясы Мадина Нұрбекованың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel