Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі бойжеткен жолды бөлісе алмай, кептеліс тудырған

Опубликовано:

Оңтүстік астанада көлік тізгіндеген екі нәзік жанды бір-біріне жол бермей тұрып алған. Оның нәтижесі көлік кептелісімен аяқталған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Facebook

Бұл жағдай куәгерлердің бейнекамерасына түсіп қалған.

Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрдан екі автоледидің көлік кептелісі орын алса да, бір-біріне жол бермей тұрғанын көруге болады.

Көлік жүргізушілері сигналды қанша басқанымен екі қыз ойларынан қайтар емес. Тіпті, телефондарын алып, өз істерімен айналысып кеткен.

Айта кетейік, жол ережелерінің 17.3 тармағына сәйкес жүргізушілер "тұрғын үйден шыққан кезде басқа пайдаланушыларға жол береді".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814766-almatyda-eki-bojzetken-zoldy-blise-almaj-keptelis-tudyrgan-video/

pixel