RU
Елордада ер адам зорлауға әрекеттенген қыз колледж студенті болып шықты (фото)

Елордада ер адам зорлауға әрекеттенген қыз колледж студенті болып шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда белгісіз ер адам шабуыл жасаған қыз 17 жастағы колледж студенті болып шықты. Оқиғаның мән-жайын елорданың полиция депратманті айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Оқиға орны. Фото куәгерден

Оқиға орны. Фото куәгерден

Ведомствоның мәліметінше, 17 жастағы колледж студенті күндізгі сағат 10 шамасында інісін мектептен алып қайтуға шыққан. Жолда оған мас күйдейгі белгісіз ер адам шабуыл жасаған.

Қаскөй оны соққыға жығып, бұталарға сүйреп әкеткен. Жас қыз айқай салып оған қарсылық көрсеткен. Соның арқасында ер адамның қолынан босап шыққан.

Оқиға орны. Фото куәгерден

Оқиға орны. Фото куәгерден

Полиция департаментінің хабарлауынша, зорлауға әрекеттенген деген хабар келіп түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына аттанған.

Құқық қорғаушылар 42 жастағы күдіктіні ізін суытпай құрықтады. Жас қыз оны таныды.

Кәмелетке толмағандарды зорлауға әрекеттену факті бойынша тергеу жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалған.

Еске сала кетейік, бұған Нұр-Сұлтанда белгісіз адамның қызға шабуылдағаны хабарланған.

Оқиға орны. Фото куәгерден

Оқиға орны. Фото куәгерден

Сіздің реакцияңыз
3
1
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel