RU
"Сағатына 110 шақырым": Алматыда бір-бірімен жарысқан автобус жүргізушілері видеоға түсіп қалды
Жаңалықтар Қоғам

"Сағатына 110 шақырым": Алматыда бір-бірімен жарысқан автобус жүргізушілері видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Алматыда екі жолаушылар автобусының жүргізушілері сағатына 100-ден көп шақырым жылдамдықпен жарысқан. Тас жолдағы бұл "бәйгені" куәгер видеоға түсіріп алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар

Фото: Видеодан кадрлар

Жүргізушілердің жарысы түсірілген видео Instagram желісіндегі kris.p.almaty тобында пайда болған. Оны тас жолда жарысқан екі бос автобустың артындағы көлік жүргізушісі түсіріп алған.

Ролик авторы алғашқыда жолды көрсетіп, артынан көлігіндегі спидометрді көрсеткен.

Құрылғының бағыты сағатына 70 шақырымға келіп, артынша сағат 110 шақырымды көрсеткен. Көлік жүргізушісі екі жүйрікті сонда да қуып жете алмапты.

Куәгердің сөзінше, оқиға таңғы алты шамасында болған.

"Автобустар бәйгеге түсіп жатыр", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Көлікті олай айдауға рұқсат жоқ. Әсіресе, ірі мегаполистегі қоғамдық көліктерге", - деді ведомстводан.

Департаментте видео жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне жіберілгенін, олар видеодағы азаматтарды тауып, тиісті шараларды қолданатынын жеткізген.

Видео: instagram.com/kris.p.almaty

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel