RU
Нұр-Сұлтанда үш шаштаразды бір-бірінің шашын алуға мәжбүрлеген клиент жазаланды

Нұр-Сұлтанда үш шаштаразды бір-бірінің шашын алуға мәжбүрлеген клиент жазаланды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда үш шаштаразды бір-бірінің шашын алғызған барбершоп клиентіне сот айыппұл салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Қалалық соттың баспасөз қызметінің өкілі Еркебұлан Тындыбековтің мәліметінше, ер адам өзінің кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін хабарлаған.

Сондай-ақ, 27 тамызда ол шаштаразда отырып, былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.

Оның әрекеттері "ұсақ бұзақылық" деп бағаланған.

Нәтижесінде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты құқық бұзушыға 12 625 теңге айыппұл салған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін барбершоп клиенті қызметкерлерді бір-бірінің шашын алуға мәжбүрлегені хабарланған.

Сіздің реакцияңыз
5
0
2
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel