Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мас ару полицейді тістеп, бетін тырнап алған

Опубликовано:

Ақтөбедегі ойын-сауық кешендерінің бірінде мас тұрғын тәртіп сақшысының қолынан тістеп, бетін тырнап алған. Бұл туралы "Диапозон" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: bash.news
Көрнекі фото: bash.news: Facebook

Басылымның жазуынша, орталықтағы адамдар мас бойжеткенге шағымданып, полиция шақырған.

Артынша 26 жастағы тәртіп бұзушыны ұстамақ болған тәртіп сақшысы зардап шеккен. Нақтырақ айтқанда, бойжеткен оның білегінен тістеп, бетін тырнап алған.

Азаматша "билік өкіліне қатысты күш қолданды" деп айыпталды. Өз кінәсін мойындаған ол енді мұндай әрекет жасамауға уәде берді. Ал зардап шеккен полиция қызметкері қызға ешқандай наразылық білдірмеген.

Сот нәзік жандының тұрақты жұмысы жоқ екенін және жалғызбасты ана екенін ескере отырып, бір жыл бас бостандығынан шектеді.

Сотталушыға жаза мерзімі аяқталғанша көңіл көтеретін орынға баруға тыйым салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814788-aktbede-udaj-mas-bojzetken-policejdi-tistep-betin-tyrnap-aldy/

pixel