Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ҮЕҰ мен ЖРО өкілдері тәжірибе алмасты

Опубликовано:

Алматы қаласында "Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы" жобасы өз жұмысын бастады. ҮЕҰ мен ЖРО өкілдері арасында ұйымдастырылып жатқан шараға 200-ге жуық белсенді жас қатысты.

Алматыда ҮЕҰ мен ЖРО өкілдері тәжірибе алмасты

Талдықорған, Шығыс Қазақстан облысынан келген жастар "ҮЕҰ + бизнес = жастарға арналған мүмкіндіктер" атты аймақтық конференцияға қатысты.

Жиында "Bolashaq" Қауымдастығының мүшесі, ғалым, бірнеше жобалардың авторы Диас Тастанбеков ҮЕҰ құрудағы ерекшеліктер мен басымдықтар жайын талқылады.

"Bolashaq" Қауымдастығы бастама болған нетворкинг жоғары деңгейде өтіп жатыр. Жастарға арнап ұйымдастырылған шараның берер пайдасы мол. Мәселен, жастар кәсіпкерлікке қатысты, ҮЕҰ мен ЖРО жайында толыққанды ақпарат алып, жаңа ойлардың жүзеге асыуына мүмкіндік ала алады", - дейді Диас Тастанбеков.

Шарада жастар бизнес бастауда кездесетін түрлі қиындықтар мен стартап жобаларды қалай дамытуға болатыны туралы мәліметтер алды. Сондай-ақ өзара тәжірибе алмасып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.

"Нетворкинг алаңы – жастарға жаңа мүмкіндік беретін орта. Осы шара барысында жастар түрлі адамдармен танысып, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуда. Нетворкинг әр өңірден келген жастардың басын біріктіретін үлкен алаң болғандықтан, қозғалар тақырыптардың да ауқымы кең болары сөзсіз. Мұндай шаралардан жаңа идеялар, жаңа жобалар бастау алады. "Bolashaq" Қауымдастығы осы бағытта жастар үшін жақсы мүмкіндік жасап отыр", - дейді шараға қатысшы Алмат Смағұлов.
Алматыда ҮЕҰ мен ЖРО өкілдері тәжірибе алмасты

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған "Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы" жобасы Шымкент, Павлодар өңірлерінде жалғасын табады. Жоба нәтижесі бойынша ҮЕҰ мен ЖРО-ның ең үздік қазақстандық тәжірибесі негізінде арнайы жинақ жарық көреді.

Айта кетсек, "Bolashaq" Қауымдастығы аталған жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты шеңберінде ұйымдастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814802-almatyda-e-men-zro-kilderi-tziribe-almasty/

pixel