RU
Өзбекстанда перзентханада жаңа босанған әйелдерді еденге жатқызған

Өзбекстанда перзентханада жаңа босанған әйелдерді еденге жатқызған

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Ферғана облысындағы аудандық перзентхана басшылары жаңа туған сәбилерді аналарымен еденге жатқызғанын мойындады деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Фото: centralasian.org

Фото: centralasian.org

Олардың айтуынша, бұл жағдай бір-екі күнге созылған, оның үстіне биыл жүкті келіншектер өткен жылға қарағанда екі есе көп түскен.

4 қыркүйекте перзентханадағы жағдайды видеоға түсіріп жіберген әйел перзентханада бала туған әйелдер мен аяғы ауыр әйелдерді еденге жатқызып жатқанын айтқан еді.

Суреттен және видеодан төрт келіншектің еденде жатқанын, ал бір әйел адамның бала емізіп отырғанын аңғаруға болады.

Перзентхана бас дәрігерінің орынбасары бұл жағдайдың уақытша болғанын айтады.

"Демалыс үш күнге созылғандықтан, АХАЖ жұмыс істемеді. Біз әйелдерді құжатсыз шығара алмаймыз. 31 тамызда 20 әйел бостанды, 1- 2 қыркүйекте де осыншама әйел босанды. Ал перзентханада бар-жоғы 60 орын бар. Сондықтан көбі симай, жерге жатты", - дейді ол.

Ақ халаттының сөзінше, биыл Өзбекстанда бала туу саны өте көп.

Сіздің реакцияңыз
4
1
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel