RU
Сиви Махмуди жол апатынан қандай жарақаттар алды?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сиви Махмуди жол апатынан қандай жарақаттар алды?

Рассказать Вконтакте

Алматыда жол апатына түскен қазақстандық әнші Сиви Махмуди ауруханадан үйіне оралды. Әртістің қандай жарақаттар алғаны белгілі болды деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншінің әкімшісі Абай Малахов болған оқиғаның мән-жайы мен әртістің алған жарақаттары туралы айтты.

Оның сөзінше, 2 қыркүйек күні Toyota жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Сиви отырған Porsche көлігімен соқтығысқан.

Өнер жұлдызы өкілінің сөзінше, қазір жапон автокөлігінің жүргізушісіне, қатысты жолда жүру ережесін бұзғаны үшін іс қарастырылып жатыр.

Сондай-ақ, ол ер азаматтың орташа күйде мас болғаны анықталғанын атап өтті. Toyota көлігінен еш адам зардап шеккен жоқ.

Абай Малаховтың айтуынша, Сиви кеше, 4 қыркүйек күні үйіне оралған. Ол ауруханада жатудан бас тартқан. Әншінің оң қолы мен бұғанасы сынған.

Ал Porsche жүргізушісінің сол қолы сынған.

Сонымен қатар әншінің әкімшісі зардап шегушілердің денсаулығына келген залалдың деңгейін анықтайтын сараптама тағайындалғанын жеткізді.

Естеріңізіге сала кетейік, Сиви Махмудидің жол апатынан зардап шеккені туралы хабарға қатысты Алматы полициясы пікір білдірген еді.

Анықталғандай, жол-көлік оқиғасы Ремизовка көшесінде орын алған болып шықты. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген кадрлармен бөлісті.

Бүгін әнші жол апатынан кейінгі жағдайы туралы айтты.

Сіздің реакцияңыз
2
4
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel