RU
Асхат Садырбай несиесі жабылған таксистің қызықты оқиғасымен бөлісті

Асхат Садырбай несиесі жабылған таксистің қызықты оқиғасымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Отандық журналист Асхат Садырбай несиесі жабылған таксистің қызықты оқиғасын айтып берді. Қуанышы қойнына сыймаған азамат жайында тележүргізуші өз Instagram парақшасында баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхаттың айтуынша, таксист оның әпкесін үйіне тегін апарып тастаған. Оған көлік жүргізушісінің несиесі жабылғаны себепкер болы

"Әпкем таксиге Жилстройдың алдынан отырған ғой. Сөйтсе, таксист "осы банктердің смстерін түсінбеймін, мынаны оқып беріңізші, кредитімді мемлекет жауып берген дей ме, бірдеңе" депті. "Иә, кешеден бері біраз жұрт сүйінші сұрап, осындай смстердің суретін Instagram желісіне салып жатыр. Демек, сіз де сол бағдарламаға ілінгенсіз" дедім дейді.
"Ойпырай-а, рас па, шотыма 94 мың теңге түскен депті, қазір Kaspi gold-ты тексеріп көрейінші" деп тексеріп көріпті. Шынында да, шотында 94 мың теңге жатыр. "Оо, Құдай берем десе, бере салады екен ғой. Сүйіншісіне сізді тегін апарамын, ақша алмаймын" деп қуанып кетіпті...",- деді журналист.

Таксистің әрекетіне аң-таң болған журналист президенттің ісіне риза екенін жеткізді.

"Солай. Араларыңызда осындай жаңалықтарды жұрттан естіп жатқандар бар ма? Шүкір деймін де. Бір қазақтың кредиті жабылса, бір қазақ үй алса, бір қазақ байыса қуанамын өзім. Жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осындай жаңалықтарына қуанбағанда не істейсің?! Айтпақшы, кешегі жолдауда біраз жақсы нәрсе айтылды негізі",- деп қорытындылады ол.

Сіздің реакцияңыз
12
0
0
0
5
39
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel