Выйти
RU

Ақмола облысында 15 мұғалім жалған дипломмен сабақ беріп келген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында 15 мұғалім мектепте жалған дипломмен жұмыс істеп келген. Бұл туралы өңірлік прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Прокурорлар Біржан сал ауданындағы мектептерге тексеріс жүргізді.

Тексеру барысында қадағалау органының қызметкерлері қолдарында жалған дипломы бар 15 мұғалімді ұстады.

"Жалған дипломмен сабақты бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру, математика және еңбек мұғалімдері өткізген", - делінген хабарламада.

Олар жалған құжатты мектептерге лауазымдық жалақыға үстеме ақы алу үшін көрсеткен.

15 мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өз кінәларын мойындаған барлық ұстаздарға айыппұл салынды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақмола облысында 15 мұғалім жалған дипломмен сабақ беріп келген