RU
Бейбіт Атамқұлов Черногория мен Зимбабвенің жаңа елшілерін қабылдады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бейбіт Атамқұлов Черногория мен Зимбабвенің жаңа елшілерін қабылдады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов 3 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырған, Қазақстанда қосымша міндетін атқаратын Черногорияның елшісі Рамиз Башич және Зимбабвенің елшісі Майк Сангоны қабылдады деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің сайты.

Фото: Сыртқы істер министрлігінің сайты

Фото: Сыртқы істер министрлігінің сайты

Кездесу барысында СІМ басшысы сұхбаттастарды елдегі саяси және экономикалық өзгерістерімен, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтарымен таныстырды. Черногория және Зимбабвемен саяси диалогты дамытуға, экономикалық, сауда және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыруға қызығушылық білдірілді.

Черногорияның елшісі екі ел арасында түрлі бағыттардағы жылы және достық қарым-қатынастарды, соның ішінде туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін бар күшін салатынын жеткізді.

Тараптар шарт-құқықтық базаны кеңейту мақсатында келесі жылы саяси консультацияларды өткізуге келісті.

Р. Башич "Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік" тақырыбындағы Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесіне (2019 жылғы 23-24 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қ.) шақыру үшін алғысын білдіріп, Черногория Парламентінің төрағасы Иван Брайовичтің қатысуын растады.

Фото: Сыртқы істер министрлігінің сайты

Фото: Сыртқы істер министрлігінің сайты

Зимбабве елшісімен кездесу барысында Зимбабвенің президенті Эммерсон Мнангагваның ағымдағы жылғы қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы ресми сапарының қорытындысы талқыланды. Зимбабве президентінің сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру мақсатында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға келісті, атап айтқанда сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық.

Сұхбат соңында сыртқы саяси ведомствоның басшысы жаңа елшілерге дипломатиялық миссияның сәтті болуына тілек білдіріп, олардың қызметі барысында мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастар дамудың жаңа деңгейіне шығады деген үмітін білдірді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel