RU
Қылмыс әлемінің серкесі "Жабайы Арман" желіде тараған суретте бой көрсетті

Қылмыс әлемінің серкесі "Жабайы Арман" желіде тараған суретте бой көрсетті

Рассказать Вконтакте

Instagram әлеуметтік желісінде, сондай-ақ, ресейлік БАҚ беттерінде "заңдағы ұры" Лоту Гулидің (шын аты-жөні Надир Салифов) Қазақстандағы қылмыс әлемінің серкесі "Жабайы Арманмен" (шын аты-жөні Арман Жұмагелдиев) түскен суреті пайда болды. Бұл туралы Crime Russia сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жабайы Арман"- оң жақтан соңғы. Фото: crimerussia.com

"Жабайы Арман"- оң жақтан соңғы. Фото: crimerussia.com

Басылым хабарлауынша, қазақстандық соңғы уақытта басқа "заңдағы ұры" Квежовичті (шын аты-жөні Гурам Чихладзе) Түркияда Салифовпен кездесуі барысында ұрып тастағаны арқылы танылған.

Хабарланғандай, бұл жағдай тағы бір қылмыс серкесімен "Гули" қақтығысына ұласқан.

БАҚ мәліметтеріне сәйкес, көпшілік "Жабайы Арманды" Алматы мен Шымкент қалаларындағы бірқатар қылмыстық қақтығыстармен байланыстырады. Жұрт ол туралы алғаш рет 2005 жылы естіген.

Сіздің реакцияңыз
12
3
0
2
3
15
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel