RU
Зейнетақы жинағын баспана мен білім алуға қашан жұмсауға болады?

Зейнетақы жинағын баспана мен білім алуға қашан жұмсауға болады?

Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорындағы қаражатты қазақстандықтардың баспана мен білім алу мақсатында жұмсау жоспары қашан әзір болатынын айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/ Петр Карандашов

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/ Петр Карандашов

Нұрымбетовтің сөзінше, қазіргі уақытта бірыңғай зейнетақы жинақтау қорында 10 трлн теңге көлемінде қаражат бар.

"Бұл дегеніміз шамамен 9 млн 900 мың адамның зейнетақы қоры. Орта есеппен алсақ, бұл жинақталған сома адам басына шаққанда 1 млн теңгеден келеді. Сондықтан да президенттің жолдауында айтылған зейнетақы қорындағы жинақталған қаржыны қазақстандықтардың баспана мен білім алуға жұмсау мәселесін біз бүгінде Ұлттық банкпен бірлесіп қарастырып жатырмыз.
Әрине, бұл кең талқыдан өтуі қажет. Себебі зейнетақы қорындағы қаражат болашақтың ақшасы, яғни зейнеткерлікке шыққанда берілетін төлемақы. Жыл соңына дейін оның қалай жүзеге асырылатыны туралы жоспарды әзірлейтін боламыз", - дейді министр.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі өзінің алғашқы жолдауында азаматтар зейнетақы жинағын баспана мен білім алуға жұмсай алуы керектігін айтқан.

Сонымен қатар осы орайда үкіметке азаматтардың зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
9
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel