RU
Түркістан облысында мектептегі футбол қақпасы құлап, оқушы көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында мектептегі футбол қақпасы құлап, оқушы көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында мектептегі футбол қақпасы сегізінші сынып оқушысының үстінен құлап кетіп, салдарынан жеткіншек қайтыс болған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Қазақпарат хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Министрліктің мәліметінше, оқыс оқиға 5 қыркүйек күні аудандағы жалпы орта мектептің бірінде болған.

8 сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында жылжымалы футбол қақпасымен ойнап, нәтижесінде қақпа үстіне құлап, ауыр жарақат алған.

Оқиға орынан жедел жәрдем шақыртылып, жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілген. Алайда мектеп оқушысы ота кезінде көз жұмған.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша аудандық прокуратура мен ішкі істер бөлімі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Слндай-ақ, аталған қайғылы жағдай ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жеке бақылауына алынған.

Ведомство мәліметінше, мектеп әкімшілігі оқушылар мен ата-аналар қауіпсіздік нұсқаулығымен таныстырылғанын мәлімдеген. Қазіргі таңда мектеп әкімшілігіне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар арасында қауіпсіздік шараларын қолдану жөнінде түсіндірме жұмыстары атқарылуда.

Басылымның мәліметінше, қаза болған оқушы 2006 жылы дүниеге келген. Отбасында бес перзенттің ең кішісі. Жанұяның материалдық жағдайы орта.

Білім және ғылым министрлігі 8 сынып оқушысының мезгілсіз қайтыс болуына орай ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel