RU
Шымкентте таксиге мінген аруды зорлады делінген күдікті іздестірілуде

Шымкентте таксиге мінген аруды зорлады делінген күдікті іздестірілуде

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласында таксиге отырған бойжеткенді көлік жүргізушісі зорлаған. Бұл туралы "НеМолчиKZ" қорының өкілі Дина Смаилова өз Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коллаж KAZ.NUR.KZ. Фото: Facebook/ dina.tansari

Коллаж KAZ.NUR.KZ. Фото: Facebook/ dina.tansari

Динаның сөзінше, оқиға 27 тамызда болған.

"2019 жылдың 27 тамызында бойжеткен құрбыларымен бірге кафеде туған күн тойлап, отырыстан кейін кафе алдында кезекшілікте тұрған таксиге отырады. Нағыз маньяк болып шыққан таксист қызы тұншықтырып, қатты соққыға жығып, зорлаған. Барлығы орталық көшеде болғанымен және бақылау камералары тұрғанымен әлі де күдікті табылмай жатыр. Куәгерлерден жауап алынған жоқ, тергеушілер бірнеше рет ауысты. Бұл туралы тағы бөлек жазамын. Істі "НеМолчиKZ" қорының ерікті заңгері Данияр Жиенбаев жүргізуде", - деді ол.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, осы оқиғаға қатысты қаланың полицейлері тергеу шаралары жүріп жатыр.

"Аталған жайтты 2019 жылдың 27 тамызында Шымкент қаласы полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген. Қазіргі таңда күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалған", - делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel