RU
Ресейге көшіп бара жатқан Ержан Максимді өнер жұлдыздары туған күнімен құттықтады (видео)

Ресейге көшіп бара жатқан Ержан Максимді өнер жұлдыздары туған күнімен құттықтады (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жас әнші Ержан Максимді туған күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жас таланат өнер иелерінің ыстық лебіздері жолданған сәтті Instagram желісіндегі парақшасында жариялап: "Баршаңызға көп рақмет. Мен де сіздерді өте қатты жақсы көремін. Аман болыңыздар" деген жазба қалдырды.

Кадрдан Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Әнел Арынова және актриса Айнұр Ілиясованы аңғаруға болады.

Олар Ержан Максимді туған күнімен құттықтап, жылы тілектерін жарыса жеткізді.

"Бүгін қазақтың кішкентай мақтанышының туған күні. Сені шын жүректен құттықтаймыз, бақытты бол! Мәскеуге кетіп бара жатыр екенсің. Сонда тұрып, Игорь Крутойдың студиясында білім аласың, тәжірибе жинақтайсың. Біз сені жақсы көреміз, саған сенеміз!", - деді Сәдуақасова.

Еске сала кетсек, "Голос. Дети" байқауында көрермендердің көзайымына айналған қазақстандық жас әнші Ержан Максим ата-анасымен бірге Ресейге қоныс аударуды жоспарлап отырғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
7
1
1
1
1
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel