RU
57 жыл бойы бала сүйе алмаған 74 жастағы әйел егіз босанды

57 жыл бойы бала сүйе алмаған 74 жастағы әйел егіз босанды

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Андрха-Прадеш штаты тұрғыны ЭКО арқылы 74 жасында жүкті болып, егіз қыздарды дүниеге әкелді деп хабарлайды Риа-Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Pixabay.com

Көрнекі фото: Pixabay.com

Аурухана дәрігерінің сөзінше, Эрраматти Мангаямма кесір тілігі арқылы босанған.

"Ота жақсы өтті. Анасының да, жаңа туған балалардың да жағдайы жаман емес. Дегенмен, ол бірнеше сағаттық стресстен шығу үшін интенсивті терапия бөліміне жіберілді", - дейді ол.

Мангаяма балаларды кеудесінен емізе алмайды. Ол сүтті донорлық банкадан алады.

Директордың сөзінше, келіншек ешқандай қант диабеті және гипертензия сияқты медициналық аурулары болмағандықтан балаларды көтеріп жүре алған.

Мангаямма мен оның 80 жастағы жұбайы Рая Рао 1962 жылы 22 наурызда үйленген.

57 жыл бойы бала сүйе алмаған жанұя енді ғана ата-ана атанып отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel