Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде күннің көзі мүлде түспейтін қалаларды білесіз бе?

Опубликовано:

Адам үшін күн көзінің жоқтығы қиынға түседі. Күйзеліс, депрессия, жүйке жүйесінің бұзылуы пайда болады. Десе де әлемде күннің көзі, тіпті түспейтін, немесе сирек түсетін жерлер де бар деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Әлемдегі ең тұманды қалалармен таныс болыңыздар:

Оңтүстік-Курильск, Ресей

Бір жыл ішіндегі 1662 сағат күн шығады.

Жергілікті тұрғындар толығымен теңіз ресурстарын аулаумен, өңдеумен айналысады. Аталған қалашық Ресейдегі ең тұманды жерлердің бірі.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Джуно, АҚШ

Бір жыл ішіндегі 1540 сағат күн шығады.

Джуно Америкадағы шататтың ең үлкен астанасы болып табылады. Бұл жердегі тұманды күндер жұртты, тіпті, күйзеліске түсіре жаздайды.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Кельн, Германия

Бір жыл ішіндегі 1504 сағат күн шығады.

Кельнның екінші атауы — Рейндегі Метрополия. Бұл атау қаланың жоғарғы деңгейін одан бетер айғақтап тұрады. Күн көзінің жетіспеушілігінен басқа Кельннен қандай да бір кемшілік табу қиын.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: UGC

Бирмингем, Ұлыбритания

Бір жыл ішіндегі 1364 сағат күн шығады.

Қалада екі миллионға жуық адам тұрады. Бұл жердегі ауа ылғалды. Күннің көзін тіпті көрмеуіңіз мүмкін. Алайда жергілікті тұрғындардың еті тұманды күнге әлдеқашан үйреніп кеткен.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: UGC

Принс-Руперт, британдық Колумбия

Бір жыл ішіндегі 1230 сағат күн шығады.

Тынық мұхитының солтүстік бөлігі жаңбырлы, тұманды ауа райымен танымал.

Фото: esripm.maps.arcgis.com
Фото: esripm.maps.arcgis.com: UGC

Торсхавн, Дания

Бір жыл ішіндегі 884 сағат күн шығады.

Торсхавн ресми түрде әлемдегі ең тұманды елді мекен болып табылады. Десе де, жергілікті тұрғындардың өз жерлеріне көңілі толады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: UGC

Ян-Майен, Норвегия

Бір жыл ішіндегі 823 сағат күн шығады.

Әлемдегі ең тұманды жер норвегиялық Ян-Майен болып есептеледі. Бұл жерді тіпті қала деп атау қиын. Себебі тұрғылықты халықтың өзі тек мемлекеттік бекеттердегі қызметшілерден тұрады.

Фото: arctic.ru
Фото: arctic.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1814899-lemde-knni-kzi-mlde-tspejtin-kalalardy-bilesiz-be/

pixel