Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сиви Махмуди жол апатынан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады (фото)

Опубликовано:

Алматы қаласында жол апатына түскен Сиви Махмуди өзі үшін алаңдаған жұртқа алғыс білдірді. Әнші Instagram парақшасында болған жайтты баяндайтынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы қазір дәрігерлердің бақылауында екенін алға тартты.

"Баршаларыңызға дұғада болып, мені қолдап жатқан жандарға алғысым шексіз. Қазіргі таңда үйде дәрігерлердің бақылауындамын. Ең бірінші Алланың және сіздердің арқаларыңызда аман-есен үйде жүрмін. Аллаға шүкір, қазіргі таңда денсаулығым жақсарып келе жатыр. Интернет желісінде мен жайлы жалған ақпараттар көбейіп кетті, сол себепті көлік апаты жайлы жақын арада өзім айтып беретін боламын", - деді әнші.

Сонымен қатар, ол жол апаты орын алған күні түскен суретін жариялады.

"Осы әдемі тойдан кейін апатқа ұшырадық. 1 күні әдемі суреттерімді жүктеп үлгере алмадым. Аман болыңыздар. Сол күні бәрі киімімізге ғашық болған еді", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда куәгерлер Сиви Махмудидің жол апатына түскенін хабарлаған еді.

Кейін бұл хабарға қатысты Алматы полициясы пікір білдірді.

Кейіннен әншінің жол апатынан кейінгі жағдайы белгілі болып, қандай жарақаттар алғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1814904-sivi-mahmudi-zol-apatynan-kejin-algas-ret-mlimdeme-zasady-foto/

pixel