RU
Ресейлік олигарх Түркіменстан президентінің кеңесшісі болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ресейлік олигарх Түркіменстан президентінің кеңесшісі болды

Рассказать Вконтакте

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов халықаралық "АРЕТИ" компаниялар тобының жетекшісі, ресейлік олигарх Игорь Макаровты Түркіменстан президентінің мұнайгаз мәселелері бойынша кеңесшісі қызметіне тағайындады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Фото: hronikatm.com

Фото: hronikatm.com

Forbes журналының мәліметінше, Макаровтың байлығы 2,1 миллиард АҚШ долларына тең.

Мемлекеттік ақпарат агенттіктері ресейлік олигархтың бұл қызмет үшін ризашылық білдіргенін жазды.

Сондай-ақ, Макаровтың Түркіменстанда туғанын, әрі велоспортты жақсы көретінін жеткізген. Ол сонымен бірге Түркіменстанда гүлдендіруге атсалысатынын да айтқан.

Айта кетейік, Макаров Түркіменстанға келгенде, елдің мемлекеттік телеарналары оның Бердімұхамедовпен қала көшесінде серуендеп жүргенін көрсеткен.

Сол кезде олигарх түркімен лидеріне жаңа үлгідегі велосипед сыйға тартқан.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel