RU
Қуат Хамитов: Ұпай саны бойынша ұтылып жатса да, жеңісті Головкинге береді

Қуат Хамитов: Ұпай саны бойынша ұтылып жатса да, жеңісті Головкинге береді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Қуат "Найман" Хамитов Prosports.kz-ке берген сұхбатында Головкин-Деревянченко кездесуіне қатысты болжам жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қуат, қалай ойлайсыз, Головкин мен Деревянченко жекпе-жегінде кім жеңеді" деген тілші сауалына:

"Бизнес тұрғысынан алып қарасақ, барлығына Головиннің жеңгені тиімді. Менің ойымша, егер GGG жеңіске жетксе, оның келесі қарсыласы Сондерс немесе Андраде болады. Ол кездесуде де жеңіп шықса "Канеломен" қолғап түйістіреді, өйткені барлығы сол жекпе-жекті күтуде.
Қайткенде де Деревянченко қолайсыз жағдайда қалып отыр. Егер ол жеңсе де, оның ары қарай кіммен кездесетіні түсініксіз. Деревянченконың аты шықпаған, Америкада оны танымайды. Головкинге жеңіске жету үшін қарсыласпен бір деңгейде жұдырықтасса да жетіп жатыр. Егер ол ұпай саны бойынша шамалы ұтылып жатса да, менің ойымша, жеңісті Головкинге береді, өйткені бұл барлығы үшін тиімді.
Деревянченко үшін Джейкобспен болған жағдай қайталануы мүмкін. Мен оны Джейкобстан жеңілді деп ойламаймын. Барлығы Джейкобс-"Канело" жекпе-жегін көргісі келді, сондықтан да жеңісті Джейкобсқа берді. Бұл жерде барлығы боксшылардың болашақтағы жекпе-жектеріне байланысты. Барлығы да "Канело" мен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекті көргісі келеді.
Деревянченко үшін бұл жекпе-жек – титул үшін күресудің соңғы мүмкіндігі. Егер ол жеңіліс тапса, болашақта оның жолы бұлыңғыр болмақ. Головкинге керегі нокаутқа құламай 12 раунд тұрып беру. Мен оны құлайды деп ойламамын", – дейді Қуат "Найман" Хамитов.

Еске сала кетейік, Головкин-Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йоркте өтеді.

Сіздің реакцияңыз
6
0
7
1
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel