RU
Тоқаев: Сауық-сайраннан басқа ештеңені қажет етпейтін жастар бар
Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев: Сауық-сайраннан басқа ештеңені қажет етпейтін жастар бар

Рассказать Вконтакте

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен әлемде жастардың өмірге деген көзқарасы өзгеріп жатқанын сөз етті. Мемлекет басшысының айтуынша, кейбір жастар белсенділік танытып, бірдеңеге жетуді мақсат етсе, енді бірі тек сауықты қажет етеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Бүкіл әлемде жастар бірдей емес – Қазақстанның да олардан ерекшеленбейді. Біреу ғылым мен өнерге, кәсіпке жақын келеді, енді біреуге қоғамдық белсенділік ұнайды.
Клубтар мен көшелерде сауық-сайраннан басқа ештеңені қажет етпейтін жастар да бар. Бұл әркез болған және бола береді.
Менің президент ретіндегі міндетім белсенді және мақсатқа жетуге тырысатын жастарға өз орнын табуға мүмкіндік беру. Сол себепті біз кәсіппен айналысуға жағдай жасаймыз, қабілеті жоғары балалар мен жағдайы төмен отбасылар үшін жоғары оқу орындарына гранттар бөлеміз, дарынды балаларды іздестіреміз, кадрлық резерв тізімін даярлаймыз", - деді Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 6 қыркүйек күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық кеңестің алғашқы отырысын ашты. Онда мемлекет басшысы қытай зауыттарына қатысты пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel