RU
Дәурен Абаев: Айғайлап, өсек тарату патриоттық емес (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Дәурен Абаев: Айғайлап, өсек тарату патриоттық емес (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қытай зауыттарына қарсы Жаңаөзен және басқа қалаларда өткен наразылық акциялары туралы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Абаев. Фото: Видеодан кадр/ Открытый диалог

Дәурен Абаев. Фото: Видеодан кадр/ Открытый диалог

"Открытый диалог" бағдарламасына сұхбат берген министр Қазақстан халқына жолдауында мемлекет басшысы жердің шетелдіктерге сатылмайтынын айтқанын еске алды.

"Бұл сұрақ бойынша барлық жорамалды тоқтату керек. Мемлекет басшысы саяси кепілдік берді",- дейді Абаев.

Сондай-ақ, шенеунік адамдардың Қытаймен бірлескен 55 кәсіпорынға неге қарсы шыққанын түсінбейтінін алға тартты.

"Ағайындар, елге қызмет етіп отырған азаматтардың бәрі надан деп ойлайсыздар ма? Біз де қазақ деген ұлы ұлттың ұрпағымыз. Ата-бабамыздың сүйегі жатқан жерді шетелге сату деген сөздің өзі ақылға қонбайды. Жер ұрпақтан ұрпаққа аманат болып қала береді. Айғайлап, өсек тарату патриоттық емес. Бүгінгі шулап жатқандар "ел патриоты біз ғанамыз" деп ойламауы керек. Әлде олар шенеуніктер ата-бабаларының сүйегі жатқан жерді сатуды мақсат етеді деп ойлай ма?", - дейді министр.

Абаевтың айтуынша, қоғамда өте үлкен әрі қасақана арандатушылық жасалуда, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған мәліметтер әдейі таратылып жатыр.

"Бұл жағдай, өкінішке қарай, қазақстандықтарды оңай алдап, санасына ксенофобия, русофобия, американофобия ұялатуға болатынын білдіреді. Әр осындай ақпараттық шабуыл біздің инвестициялық және іскерлік климатымыздан бөлек, туристік беделімізге кері әсерін тигізеді", - деді Абаев.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel