RU

Илья Ильин Таиландта өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғамақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

16 қыркүйекте Таиландтың Паттая қаласында ауыр атлетикадан 85-ші әлем чемпионаты өтеді. Осы орайда, Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі әлем біріншілігіне қатысатын спортшылар тізімін атады деп хабарлайды Olympic.kz.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Таиландтағы әлем чемпионаты Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің санатына жатады.

27 қыркүйек күні мәресіне жететін әлем біріншілігінде ерлер мен әйелдер тоғыз медаль жиынтығын сарапқа салады.

Ел намысын қорғайтын ерлер командасының тізімі төмендегідей:

55 келі: Арли Чонтей, Игорь Сон

89 келі: Денис Уланов

81 келі: Нихат Рахымов, Айдар Қазов

96 келі: Илья Ильин

109 келі: Ибрагим Берсанов

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстанның намысын екі спортшы қорғайды.

Олар – Зүлфия Чиншанло (55 келі) және Екатерина Быкова (71 келі).

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Илья Ильин Таиландта өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғамақ
Mailfire view pixel